jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жастық шағым-ай": ерекше фотосессия жасаған Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай елді сүйсінтті

    Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай
    Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай. Фото: Instagram/akerkeburkitbay

    Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай желіде ерекше фотосессиясын жариялап, елдің жылы лебізіне ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Ақерке Бүркітбай күйеуімен табыиғат аясында түскен фотоларын Instagram парақшасында жариялап қойған. Суреттерде ерлі-өзайыптының қол ұстасып және құшақтасып тұрғанын көруге болады.

    Келіншегі жариялаған фотоларға алғашқылардың бірі болып, күйеуі Әли Оқапов пікір қалдырған. Ол "жас кезім-ай" деп жазып қойған.

    Желі қолданушылары жұлдызды жұптың махаббатқа толы фотосессиясына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.

    "Екеуінің бір-біріне деген сезімі мен махаббаты шынайы екені көрініп тұр. Бақыттарың баянды болғай", "Тіл көзден сақтасын! Отбасыларыңа амандық тілеймін", "Сондай жарасымды жұп. Сіздерге қарап қызығамын", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын. Балаларыңыз көп болсын", - деп жазуда көпшілік.

    "Жастық шағым-ай": ерекше фотосессия жасаған Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай елді сүйсінтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.