Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басында өте қиын болды": әнші Әсел Жамақаева отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева
Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева. Видеодан кадр: Youtube/Elle Kazakhstan

Көптен бері ел алдына шықпай кеткен әншілер Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева ашыла сұхбат беріп, отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақатрды. Ерлі-зайыпты бастапқыда араларында келіспеушіліктер болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иелері отбасында болған қиын кезең жайлы "ELLE Kazakhstan" басылымына берген сұхбатында айтты. Әсел Жамақаева күйеуі екеуі уақыт өте келе келіспеушілік кезінде бір-бірімен сөйлесіп, мәселені талқылауды үйренгенін жеткізді.

"Отбасылық өмірімізде дағдарыстар болып тұрды. Әсіресе алғаш отау құрған кезімізде келісе алмай қалатынбыз. Кездесіп жүру бір бөлек, бірге бір шаңырақ астында тұру мүлдем бөлек дүние екен. Батырмен қиын болды. Ол нағыз перфекционист адам, ал мен үшін бәрі оп-оңай, қатты ушықтырмаймын. Біз қыз атаулысы ренжігенде сөйлеспей, тіпті телефонда бұғаттап тастаймыз. Ал Батыр болса ренжісіп қалып, ұйықтай алмайды. Оның ашуы тез басылады. Ол 10 минуттан соң, татуласуға келіп тұрады. Ол кезде мен дайын болмаймын. "Маған жолама, сөйлесуге дайын емеспін" дейтінмін. Уақыт өте келе сөйлесіп, мәселені талқылауды үйрендік. Батыр маған ұзақ уақыт қырсықауды үйретті", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060082-basynda-ote-qiyn-boldy-ansi-asel-zamaqaeva-otbasylyq-omiri-zaily-bar-syndyqty-aitty/

pixel