Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 күн қасымда болды": Әсел Жамақаева өзіне қолдау көрсеткен күйеуіне алғысын айтты

Жарияланған күні:

Әсел Жамақаева
Әсел Жамақаева. Видеодан кадр: Youtube/Elle Kazakhstan

"Аюми" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Әсел Жамақаева перзенттерін босанған кезін еске алып, сол сәтте өзіне қолдау көрсеткен жолдасына алғысын білдірді. Өнер иесі күйеуі Батыр Байназаров өте қамқор әке екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Жамақаева перзентханаға жолдасымен бірге барғанына еш өкінбейтінін жетізді. Керісінше, әнші ару қиын сәтте күйеуі қасында болғаны оған күш бергенін айтты.

Батыр Байназаров босану кезінде келіншегіне қолдау білдіріп қана қоймай, қырқынан шыққанша бала қарасуға да барынша атсалысқан.

"Босануға жолдасыммен баруға шештім. Себебі алғаш рет босанатын болғандықтан жалғыз баруға қорықтым. Отағасы ойланбастан келісті. Біз бірге арнайы дайындық курстарына бардық. Босану кезіндегі аса маңызды сәтте күйеуімнен шығып кетуін өтіндім. Сосын ол он минуттан соң қайта кіріп, қызының кіндігін өзі кесті. Екінші рет босануым өте қызық болды. Батыр астыға су алып келуге түсіп кеткен. Ол келгенше мен босанып қойдым. Оның қолдауы елеулі болды. Ол менімен бес сағат бойы тыныс алды. Ешкімге хабарламай, перзентханаға кетіп қалғанбыз. Бірінші баламен 40 күн бойы қасымда болды. Бірақ екіншісіне келгенде күші жетпей қалды ма деймін. Екінші қызыммен өзім жалғыз отырдым", - деді әнші "ELLE Kazakhstan" басылымына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060088-40-kun-qasymda-boldy-asel-zamaqaeva-ozine-qoldau-korsetken-kuieuine-algysyn-aitty/