Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйген қыздарыңмен туған анаңды салыстырмашы": депутат Зайытов жас ақындарға ренішін білдірді

Опубликовано:

Ринат Зайытов
Ринат Зайытов. Видеодан кадр: "ХабарLIKE" бағдарламасы

Танымал айтыскер ақын, бүгінде мәжіліс мінберінен сөйлеп жүрген Ринат Зайытов жас ақындарға өтініш айтты. Депутат жас ақындардан сүйген қыздарын өмірге әкелген анамен салыстырмауды сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ "ХабарLIKE" бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтыскер ақын Ринат Зайытовтың айтуынша, жас ақындарда қазір жаман тенденция қалыптасып келе жатыр. Ол - сүйген қызы мен туғани ананы салыстыру.

"Жас ақындарға ренжитінім бар. Осы жерде айта кетейін. Құрметті жас ақындар! Сүйген қыздарыңмен туған анаңды салыстырмаңдаршы, өтініш. Бізде жаман тенденция пайда болды. "Анамнан кейін өзің әдемі", "Әлемдегі екінші сұлу қыз сенсің, біріншісін менің әкем алған" деген сияқты.

Ана мен әйел деген - мүлдем екі түрлі адам. Екеуін салыстыру адамдыққа жатпайды", - деді Ринат Зайытов бағдарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060340-suigen-qyzdarynmen-tugan-anandy-salystyrmasy-deputat-zaiytov-zas-aqyndarga-renisin-bildirdi/

pixel