Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұялып кетемін": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған күніне тоқал сыйлаған әйелдің ісіне пікір білдірді (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде күйеуінің туған күніне тоқал сыйлаған әйелдің видеосы тараған болатын. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйелі күйеуіне тоқал сыйлады. Не дейсіз? Әлеуметтік желіден алынған видео. Қаралым жинау үшін мұндай видео түсірудің мәні жоқ. Осындай контент көрсем, өзім ұялып кетемін.

Бұл тақырыптың өзектілігін тоқтату өзіміздің қолымызда. Әлеуметтік желі ешқашан ештеңені ұмытпайды. Бізді қарап отыратын қаншама жастар бар. Олар да кейін "Тоқал алудың жөні осы екен" деп артық кетуі мүмкін. Біздің қазақы менталитетімізге жан дүние ғой", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында.

Ләйлә Сұлтанқызы сторис
Ләйлә Сұлтанқызы сторис. Скриншот: instagram.com/sultankyzy

Еске сала кетейік, 2022 жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі өмірден озды.

Күйеуінің қазасынан кейін тележүргізуші жас күнінде біреудің үшінші жары болуды армандамағанын айтқан болатын.

"Өмір ғой, менің пешенеме сол жазылған екен. Біреудің үшінші некелескен жары болуды жазған екен. Мен де біреудің жалғыз қызымын. Мен де қыз кезімде ондай нәрсені армандамаған шығармын. Екі баланың көрер жарығы бар екен, мен оған қарсы тұра алмаймын ғой", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060406-uyalyp-ketemin-laila-sultanqyzy-kuieuinin-tugan-kunine-toqal-syilagan-aieldin-isine-pikir-bildirdi-foto/