Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоңыр" тобының әншісі Бауыржан Асанбаев алғаш рет отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Бауыржан Асанбаев
Бауыржан Асанбаев. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы

"Қоңыр" тобының әншісі Бауыржан Асанбаев үш баласы мен жұбайы жайлы айтты. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында бүгінгі таңда Алматы маңында үй салып жатқанын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"24 жасымда үйлендім. Жұбайымның есімі - Айгүл. Әйелімнің өнерге қатысы жоқ, мұғалім. Колледжде информатика пәнінен сабақ береді. Досымның тойында жігіт жолдас болдым. Әйелім қалыңдықтың қыз жолдасы болды. Сол кезде танысып, бір жылдай сөйлестік. Сосын отбасы құруға шешім қабылдадық.

Үш балам бар. Үлкен қызым - 12 жаста. Одан кейін ұлым - 9 жаста. Кенже қызым, сұлуым - 6 жасқа толады. Бұйырса, тағы бір періште дүниеге келеді. Құдайдан осылардың амандығын тілейміз", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі бүгінгі таңда Алматы маңынан жер үй салып жатқанын айтты.

"Қазір Талғарға барар жолда, таудың етегінде Белбұлақ деген ауыл бар. Сол жерде үй салып жатырмын. 150 шаршы метр, бір қабатты үй болады. Қазір ағамыздың үйінде тұрамыз. Балалар да сол үйде өмірге келді", - деді Бауыржан Асанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060416-qonyr-tobynyn-ansisi-bauyrzan-asanbaev-algas-ret-otbasy-zaily-aitty/

pixel