Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқар әкесінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Отандық танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар асқар тауы әкесін туған күнімен құттықтап, оған ерекше тосынсый жасады. Өнер иесі әкесінің жеке мерекесінде бағалы сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар әкесінің туған күніне қалай дайындалғанын Instagram парақшасында көрсетті. Актриса арнайы торт алып, сыйлық ретінде жаңа ұялы телефон сатып алған. Сөзінше, әкесінің бұрынғы телефоны ескіріп кеткен.

"Әкемді туған күнімен құттықтауға бара жатырмын. Оған сыйлық сатып алдым. Меніңше, әкем іштей сезіп тұрған сияқты. Папа дегенмен пысық қой. Оған не сыйлауға болатынын көп ойланбадым. Ұялы телефоны ескіріп қалғанын байқадым. Оны да кезінде мен сыйлаған болатынмын. Содан телефонын жаңартып беруді шештім. Оған қоса жаңа құлаққап алып бердім. Бұрынғысын жоғалтып алыпты. Нағыз қажет дүние деп ойлаймын. Әкем үшін арнайы шашымды жасатып, торт сатып алдым", - деді блогер ару.

Әсел Асқар әкесін құттықтаған сәтін өз парақшасында жариялады. Бейнежазбадан актрисаның әкесін қымбат мейрамханаға шақырып, ерекше тосынсый жасағанын көруге болады. Ол бағалы сыйлығын ас үстінде тарту еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060419-asel-asqar-akesinin-tugan-kunine-erekse-tosynsyi-zasady-video/

pixel