Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Брендтер төгілген той": Сынықшы Айнұр Асқарқызы қызының бір жасын дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Айнұр Асқарқызы отбасымен
Айнұр Асқарқызы отбасымен. Видеодан кадр: Instagram/ainur_askarkyzy

Танымал блогер әрі сынықшы Айнұр Асқарқызы қызының бір жасын тойлап, дүркіретіп той жасады. Желі жұлдызының қуанышына бірқатар танымал тұлғалар мен шоу-бизнес өкілдері ортақтасқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Асқарқызы қызының алғашқы туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп атап өткен. Белгілі сынықшы бұл мерекелік шараға жоғары деңгейде дайындалған.

Дүбірлі тойдың тізгінін белгілі әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей ұстаса, кішкентай Айкөркемнің тұсауын кесу нумеролог Айнұр Асанбердіге бұйырған.

"Қазақстандағы бренд төгілген, нөмірі бірінші той болды. Барлық құттықтап келген жақындарымызға алғыс айтамыз", - деп жазды Айнұр Асқарқызы Instagram парақшасында.

Той иесі құттықтап келген сыйлық қонақтарына аса бағалы бренд сыйлықтар таратып, үлкен соммадағы ақшалай сыйды да ойнатты.

Айнұр Асқарқызының той-думанына келген жұлдыздар ақ тілегін білдіріп қана қоймай, көпшілікке өнерін паш етіп тойдың сәнін келтірді. Сынықшының қуанышына келген танымал тұлғалар арасында Гүлзира Айдарбекова, Мөлдір Әуелбекова, Елшін Жанерке, Жанқош Тұраров, Нұрболхан Шарапов, Ақерке Арыс, Жанболат Найзабеков, Жұлдызай Дүйсенбиева, Сара Тоқтамысова, Жанель Мақажан, Нұргүл Мыңғатова, Мөлдір Мұқанова бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060422-brendter-togilgen-toi-synyqsy-ainur-asqarqyzy-qyzynyn-bir-zasyn-durkiretip-atap-otti-video/

pixel