Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір уыс топырақ сала алмадым": әнші Ердос Қанаев өкінішін айтты

Опубликовано:

Ердос Қанаев
Ердос Қанаев. Видеодан кадр: Youtube/Urpaq Podcast

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев өнердегі әріптесі Бағлан Әбдірайымовтың отбасындағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдіріп, өкінішін айтты. Ол досының әкесі өмірден өткенін Меккеде жүргенде естіген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ердос Қанаев досының әкесі өзінің әкесіндей болып кеткенін айтып, марқұмның өзі үшін аса сыйлы жан болғанын жеткізді.

Өнер иесі қаралы хабарды естігенде Меккеде қажалықта болғанын айтты. Ол марқұмның жаназасына қатыса алмай, бір уыс топырақ сала алмағанына өкінішін білдірді.

"Түптеп келгенде, бәріміз бір күні тек естелік болып қана қаламыз. Сіз де өзіңізді жақсы көрген жүректердің ішінде енді тек естелік болып қала бермексіз Рашид көке. "Бағланның әкесі Раббысына қайтты"- деген қаралы хабар Мен Меккеде қажылықта жүргенде келді. Суыт хабарды естігенде: "Иә Алла, иә Алла" дей беру ғана келіпті аузыма. Ең жақын адамым өмірден озғандай баз кешіп қалдым. Және, ол солай еді де.

Рашид көкем әкем болмаса да әкеміздей көретін едік. "Сен де менің бір баламсың"- деп отырушы еді үнемі. Сол кезде Меккеде жүргенім текке емес екенін Раббым ұқтырғандай мені де Бағланмен қатар бір баласындай көрген жанға Раббымның кеңшілігін сұрап, бар дұғамды жасадым. Тек бір "Әттеген-ай"-ым жаназасына қатысып, бір уыс топырақ сала алмағаным.

Жарықтық Рашид көкем бұл өмірде ең мықты екі қаруды өзіне серік етті. Ол үнсіздік (үндемеу) пен күлімдеу. Бұл екеуі адамды ажарландырмаса қор қылған емес. Және өте сабырлы жан еді. Сабырлы жан екенін қиыншылығын ешкімге айтпауынан, ауруын ешкімге көрсетпеуінен білетін едік", - деп жазды Қанаев.

Эстрада жұлдызы өнердегі досы Бағлан Әбдірайымовқа көңіл айтып, жұбатуға тырысты.

"Иә, уақыт қашады. Бағынбайды. Бағындырады. Басқарады. Дегенін істетеді. Жасты қартайтады, жаңаны ескіртеді, болғанды жоқ етеді. Бұл - өмір! Ең бастысы артында саналы Бағландай ұлы мен салихалы қыздары қалды әлхамдулиллә. Көңілге медет болар жұбаныш осы болса керек. Енді біздің қолымыздан келетіні артыңыздан құран бағыштап, дұға жасау ғана. Әке - асқар тауың! Әкең өмірден өтсе, тауың шағылғанмен бірдей. Бұл уақытша қысқа ғана өмір! Мәңгілік өмірде әкешіңмен бірге болуды Алла тағдыр етсін досым. Қайғыңа ортақпын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060480-bir-uys-topyraq-sala-almadym-ansi-erdos-qanaev-okinisin-aitty/

pixel