Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыстың кесірінен жаман ауруға шалдықты": Нұржан Керменбаев марқұм әкесін есіне алды

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев
Нұржан Керменбаев. Скриншот: Youtube/Urpaq Podcast

Отандық танымал әнші Нұржан Керменбаев марқұм әкесін есіне алып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі асқар тауы әкесінің жұмысы аса қиын болғанын айтып, соның салдарынан ауыр дертке шалдыққанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев марқұм әкесі туралы "Ұрпақ" подкастында сыр шертті. Әнші әкесінің жұмысы соғысқа барғанмен тең болғанын айтты. Сөзінше, асқар тауы әкесі жұмысының салдарынан ауыр дертке шалдығып, жарты жылдан кейін өмірден өткен.

"Кеншілердің шахтаға түсуі соғысқа барып келумен тең деген сөз бар. Кенші жер астына түсіп бара жатып, қайта көтерілетінін-көтерілмейтінін білмейді. Бұл – қауіпті жұмыс орындарының бірі. Расымен де, әкеміз жұмысқа бара жатады. Ол қайтып келе ме, жоқ па, біз де білмейміз. Әкем жұмыстың кесірінен жаман ауруға шалдықты. Ол ұзақ уақыт бойы белгі бермеген. Дертпен жарты жылдай алысып, 2010 жылы дүние салды", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060514-zumystyn-kesirinen-zaman-auruga-saldyqty-nurzan-kermenbaev-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel