Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кесте тігер дүниеге келді": Асылхан Төлеповтің үшінші сәбиі өмірге келді (фото)

Опубликовано:

Асылхан Төлепов жұбайымен
Асылхан Төлепов жұбайымен. Фото: instagram.com/ai__sulu

Актер Асылхан Төлеповтің жұбайы кеше қыз босанды. Өнер иесі үшінші сәбиінің өмірге келгені жайлы қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшада жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кесте тігер ханшайымымыз дүниеге келді. Аллаға шүкір! Қуанышымыз қуанышқа ұлассын! Жұғысты болсын", - деп жазды актер.

Сонымен қатар бұл жаңалықты Артур Төлеповтің келіншегі Мадина да өз парақшасында жариялап, көпшіліктен сүйінші сұраған.

"Сүйінші! Ханшайымның бауы берік болсын", - деп жазды Айсұлудың абысыны.

Асылхан Төлепов
Асылхан Төлепов. Скриншот: instagram.com/assylkhantolepov

Еске сала кетейік, актердің 2021 жылы дүниеге келген екінші ұлы шетінеп кеткен болатын.

Айта кетейік, Асылхан Төлепов пен Айсұлудың тұңғышы 2018 жылы өмірге келді.

Өнер иесінің тұңғышының есімі - Алпамыс. Ал өмірден өткен ұлының есімі - Ақан болатын.

Асылхан Төлепов екінші ұлына өзінің лақап есімін бергенін айтқан еді.

"Үйдегілер бірауыздан атын өзің қой, деді. Атым - Асылхан. Бірақ кішкентайымнан туыстарым, нағашыларым Ақан деп еркелететін. "Ақан", "Ақантай", "Аханович" деп айта беретін. Нағашы әжем әлі күнге дейін "Ақантайым", "Ақаным" дейді. Маған өзіме осы ат қатты ұнайтын... Ұлымның атын Ақан деп қойдым", - деген болатын Асылхан Төлепов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060625-keste-tiger-duniege-keldi-asylxan-tolepovtin-usinsi-sabii-omirge-keldi-foto/