Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауру айналдыра бастады": ақын Жүрсін Ерман мүшел жаста басынан өткізген қиындығын айтты

Опубликовано:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Кеше айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман арбаны тастап, таяққа сүйеніп жүре бастағанын айтқан болатын. Ақын "Таңшолпан" бағдарламасында мүшел жаста басынан өткен қиындықты баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақтың "Мүшел" дейтін ырымы бар ғой. Сол мүшел айналып келіп тұрады. Он үшімде не болғанын білмеймін. 25 жасымда аттың үстінде тұрған жерімнен қойшының иті қапты. 37 мүшелімде қолымды сындырып алдым. 49 жастағы мүшелімде анам өмірден өтті. 61 жастағы мүшелімде ауру айналдыра бастады. Бүрек, жүрек ауыра бастады. Енді осы мүшелден аман-есен өтіп кетсем, тағы да жүре тұрам деп отырмын.

Туған күн келген сайын уайым басады. Өмір зулап, өтіп бара жатыр. Туған күн тойлайтын бала емеспін. Отбасының мерекесі ғой", - деді Жүрсін Ерман.

Еске сала кетейік, осыған дейін ақын ауыр дертпен күресті. Арбаға таңылған өнер иесі бүгінгі таңда таяққа сүйеніп, жүре бастағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060629-auru-ainaldyra-bastady-aqyn-zursin-erman-musel-zasta-basynan-otkizgen-qiyndygyn-aitty/

pixel