Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханаға түсті": Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр берді

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті. Өнер иесі сырқаттанып тұрса да дәрігерлерден сұранып, өнердегі досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Revue News" бағдарламасының мәліметіне сәйкес, Зайытовтың концертіне санаулы сағаттар қалғанда Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр берген. Айтыскер эстрада дүлділі шығармашылық кешіне қатыспайды дегенге дайын отырған.

Алайда өнер иесі денсаулығы сыр бергеніне қарамастан дәрігерлерден жарты сағатқа сұранып, Ринат Зайытовтың поэзиялық кешінде төбе көрсеткен.

Белгілі ақынның жеке шығармашылық кешіне бірқатар өнер жұлдызы жиналған.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев те денсаулығы сыр бергенін айтқан болатын. Өнер иесі емделу үшін арнайы Түркияға барып келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060641-auruxanaga-tusti-meirambek-besbaevtyn-densaulygy-syr-berdi/

pixel