Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 күн түсірдік": актер Айдар Асқарбек жаңа фильмде төсек сахнасына түскенін айтты

Опубликовано:

Айдар Асқарбек
Айдар Асқарбек. Фото: NEGE.KZ

"Рауза" сериалы арқылы қалың көпшілікке танылған актер Айдар Асқарбек жақында жарыққа шығатын "Сакура" фильмі туралы айтып берді. Өнер иесі аталмыш кинода басты рөлді сомдап, тіпті төсек сахнасына да түскенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сакура. Иц май лайф" фильмінде басты рөлдерді сомдаған актерлер Динара Сәтжанның "DS` Show" бағдарламасында қонақта болып, кино жайлы қызықты жайттарды ақтарды. Айдар Асқарбек, Шерхан Пірназар мен Диана Тәшімбетова фильмнің түсірілімі қалай өткенін баяндап берді.

Аша Матайдың ағасы аталмыш туындыда басты рөлді сомдайды. Бірнеше жыл бойы қылмыс әлемінің серкесі Сакураның образында жүрген Айдар Асқарбек бүгінде кино саласында кәсібилігін барынша арттыруда. Бұл жолы актер аса батыл қадамға барып, "Сакура" фильмінде төсек сахнасына түскен.

"Бұл фильмде төсек сахнасы бар. Бірақ оған Диана түскен жоқ. Оның орнына дублер түсті. Ал мен дублерсіз, өзім түстім. Бұл сахнаны екі күн түсірдік. Маған бұл сахнаның болатынын бірден хабарлады. Бірінші күні Диананың өзі түсті, екінші күні дублер қыз түсті", - деді Айдар Асқарбек.

Сонымен қатар кинодағы ашық сахнаға қатысты Шерхан Пірназар да пікір білдірді.

"Мен өз көзіммен көрдім. Кино желісі бойынша сол сәтте менің кейіпкерім кіріп келеді. Таңғалып қалғансың ғой. Мынау қалай болғаны? деп қалдым. Дублердің өзі қалай ойнап шықты. Шынайы болып көрінді. Сол сахананы 9-10 дубль түсірдік. Бес дубль менің кесірімнен, бес дуль Айдардың кесірінен қайта түсірдік. Бәрі ашық. Айдар рахатын көрді. Мен сыртынан қарап тұрдым. Әттеген-ай деп тұрдым. Бүкіл қызықты осы екеуі (Айдар Асқар пен Диана Тәшімбетова) көрді", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060687-2-kun-tusirdik-akter-aidar-asqarbek-zana-filmde-tosek-saxnasyna-tuskenin-aitty/

pixel