Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасын білеміз": Бота Хамиттің алғашқы махаббаты Төреғали Төреәлі екені рас па

Опубликовано:

Бота Хамит
Бота Хамит. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Әнші, блогер Бота Хамит әншіліктің оңай еместігін айтты. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында Төреғали Төреәлі мен өзіне қатысты қауесетке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, әншінің репертуарында "Алғашқы махаббат" деген әні бар.

"Төреғалиден бастаған себебі, Ботаның орындауында әндер бар. Ортада келісім болды ма? Әлде ән арқылы сезіміңізді жеткізгіңіз келді ме?", - деп сұрады Анна Данченко әншіден.

Ал Бота Хамит Төреғали екеуінің арасында келісім болғанын айтты.

"Төреғалимен бірге оқыдық. Ол қалжың ретінде, келісіммен жазылған ән. Келісім болды. Әзілдесіп отырғанда шыққан ән. Отбасын білеміз", - деді блогер қыз.

Сонымен қатар әнші өнер әлемінде неге тұрақтала алмағанын да ашып айтты.

"Одан бөлек Асылхан Төлепберген, Аян Өтепберген, Анар Батырхан секілді бірге оқығандар бар.

Бірақ мен тұрақталмай қалдым. Бірінші себеп, үй салдық. Жүргенов академиясына түскеніммен, оқуға бір барып, бір бара алмадым. Сол бір жағдайларға байланысты оқи алмай қалдым", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060689-otbasyn-bilemiz-bota-xamittin-algasqy-maxabbaty-toregali-toreali-ekeni-ras-pa/

pixel