Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің көзімізше ұрысқан емес": Айсәуле Бақытбек өз тәрбиесі жайлы сөз қозғады

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек отбасында алған тәрбиесі туралы сөз қозғады. Желі жұлдызының сөзінше, сіңлісі екеуі жақындарынан барынша үлгі алуға тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап берді. Желі қолданушыларының бірі блогер арудан жанұясында алған тәрбиесі жайлы сұраған.

"Сіңліңіз екеуіңіздің осындай бауырмал болып өсуіңізге анаңыз қандай тәсілдерді қолданды?", - деп сұрады оқырман.

"Ешкім ешқашан біздің көзімізше ұрысқан емес, бір-біріне дөрекі сөздер айтқан емес. Анамның маған айтқан ең ауыр сөзі "Хамка" еді. Мен сол сөзден шок алып қалдым. Сол себепті мен Айаруға ауыр сөздер мүлдем айтпаймын, айта алмаймын да.", - деп жазды Айсәуле.

Желі жұлдызы сіңлісі екеуінің бүгінде аса тату болуы ата-анасының арқасы екенін айтты.

"Бір-біріне беті ашылып, бейәдеп сөздер жаудырып жататын жұптар да бар. Мен үшін бұл өте дұрыс емес нәрсе. Мен өз балаларымның бір-біріне асқан сыйластықпен қарайтын отбасында өскенін қалаймын", - деді ол.

Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Айсәуле Бақытбектің Stories-i: Instagram/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060705-bizdin-kozimizse-urysqan-emes-aisaule-baqytbek-oz-tarbiesi-zaily-soz-qozgady/