Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Димаштың қолтаңбасы бар": "Қазақстан аруы" аукционға ерекше сыйлықты шығармақ

Опубликовано:

Димаш Құдайберген мен Томирис Кәкімова
Димаш Құдайберген мен Томирис Кәкімова. Фото: Instagram/tkakimova

"Қазақстан аруы-2022" cұлулық байқауының жеңімпазы Томирис Кәкімова Димаш Құдайбергеннің қолтаңбасы бар домбыраны қайырымдылық аукционына шығаратынын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Аталмыш қайырымдылық шара жыл сайын "Әлем аруы" байқауының аясында өткізіледі. Бұл сұлулық байқауында ел намысын қорғайтын Томирис Кәкімова аукционға Димаш Құдайбергеннің қолы бар домбыраны шығаруды жөн көрген.

"Мен "Әлем аруы" байқауы аясында ұйымдастырылатын аукционға жай ғана музыкалық аспап емес, өзіндік тарихы бар, еліміздің мәдениетінен сыр шертетін домбыраны сыйламақпын. Домбыраға Димаш Құдайберген қолтаңбасын қойған. Қазақ мәдениетінің символына айналған ұлттық аспапты ұсынғанымды мақтан етемін. Оның мағынасы өте терең. Өйткені 2018 жылы дәл сол алаңда Димаш Құдайберген өнер көрсеткен еді. Халық жылы қабылдап, көпке дейін Димаштың даусы көрермен құлағында жаңғырып тұрды. Ал бізді оның өнері жаңа жетістікке жетуге шабыттандырды", – деп жазды Томирис Instagram парақшасында.

Айта кетейік, "Әлем аруы -2023" байқауы 18 ақпан – 9 наурыз аралығында Үндістанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060846-dimastyn-qoltanbasy-bar-qazaqstan-aruy-aukcionga-erekse-syilyqty-sygarmaq/

pixel