"Арықтама дейді": Ерке Есмахан босанғаннан кейін артық салмақпен қалай күрескенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Ерке Есмахан жақында екінші сәбиін өмірге әкелді. Аз уақытта мінсіз мүсінін қалпына келтірген әнші Instagram желісіндегі парақшасында оқырман сауалына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі "Қалай тез салмақ тастадыңыз?", - деп сұрады Ерке Есмахан.
Ал әнші әлі де артық салмағы барын жасырмай айтып берді.
"Әлі артық салмағымнан толықтай арылмадым. Бес келі салмағым кетпей тұр. Қазір салмағым - 58 келі. Диетаға отырайын десем, баламды емізуім керек. Күйеуім арықтама, осы келбетің ұнайды деп отыр. Сонымен осылай жүрмін", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан отбасына түскен табысты кімнің ұстайтынын баяндап берген болатын.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қарашасында Ерке Есмахан екінші сәбиін өмірге әкелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060854-aryqtama-deidi-erke-esmaxan-bosangannan-keiin-artyq-salmaqpen-qalai-kureskenin-aitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.