Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларымның жан дүниесін түсіне алам": Заттыбек Көпбосынұлы үйде қандай әке екенін айтты

Опубликовано:

Заттыбек
Заттыбек. Видеодан кадр: "Мархабат" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы отбасы жайлы сыр шертіп, үйде қандай әке екенін ашып айтты. Өнер иесі перзенттеріне келгенде жұмсақтау екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заттыбек Көпбосынұлы жұмысы қаншалықты қарбалас болып жатса да, бос уақытын барынша балаларына арнауға тырысатынын айтты. Өнер иесі отбасы туралы "1001 түн" бағдарламасында сыр шертті.

"Жұмсақ әкемін десем артық емес шығар. Қандай әке екенімді айтсам мақтап айтқандай болатын шығармын. Сол себепті менің қандай әке екенімді отбасым мен айналам айтқаны дұрыс деп есептеймін. Бірақ жалпы мен балалармен ойнай аламын, олардың ішкі жан дүниесіне үңіле аламын. Олардың қажетін сезе аламын. Жаман әке емес шығармын деп ойлаймын. Ұлым ақылды ерке. Қазір еркелік жарасатын уақыт", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060860-balalarymnyn-zan-duniesin-tusine-alam-zattybek-kopbosynuly-uide-qandai-ake-ekenin-aitty/

pixel