Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тастаймын-ау сені": Дариға Бадықова көрермендерге тағы жаңа кино ұсынбақ

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: ҚЫЗЫҚ TIMES бағдарламасы

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова рекорд орнатып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген "Таптым-ау сені" фильмінен кейін жаңа жобаны қолға алды. Өнер иесі "Тастаймын-ау сені" киносының түсірілімін бастап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова жаңа фильмнің түсіріліміне кірісіп кеткені туралы Instagram парақшасында айтты. Актриса көрермендер көңілінен шыққан алғашқы туындысынан кейін арасын ұзартпай, тағы бір тың туынды жарыққа шығаруды жөн көрген.

Өнер иесі бұл жолы көрермендер қауымына "Тастаймын-ау сені" атты киноны ұсынбақ. Аталмыш фильмнің тұсаукесері мамыр айына жоспарланған.

"Құрметті болып өмір сүрген жақсы, бірақ жауапкершілігі үлкен! Badykova production мен Олжас Абай коллоборациясынан тағы бір жаңа туынды. Мамыр айында еліміздің барлық кинотеатрларында ерекше жанрдағы фильмді күтіңіздер", - деп қызықтырып қойды Бадықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060896-tastaimyn-au-seni-dariga-badyqova-korermenderge-tagy-zana-kino-usynbaq/

pixel