Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анджелина шетте қалады": Ерекше образдағы Жұлдыз Әбдікәрімова елді өзіне қаратты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа видео жариялап, ел назарын өзін аударды. Қалың көпшілік өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында жария еткен. Онда қара көйлек киіп алған актрисаның жүріп келе жатқанын көруге болады.

Өнер иесінің образы желі қолданушыларына ерекше ұнап қалған. Қалың көпшілік бірден видеоға лүпілдерін жаудырып, түрлі пікірлер қалдырып жатыр.

Кейбір оқырмандар Әбдікәрімованы әйгілі Дженнифер Лопес пен Анджелина Джолимен де салыстыруға келмейтінін айтқан.

"4 бала туғансыз ба, шынымен? Тіпті тумаған қыздайсыз", "Дженнифер Лопес пен Анджелина шетте қалады. Отсыз", "Фигураңыз керемет", "Қара пантера", "Мына образ сізге қатты жарасады екен", "Қайратқа ұнаса болды ғой", "Мықты әйел, тіпті жүрісі де сондай сенімді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060924-andzelina-sette-qalady-erekse-obrazdagy-zuldyz-abdikarimova-eldi-ozine-qaratty/

pixel