Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайын атам қалағаныңды сұра деді": Актриса Мадина Оспанова мәһрге не сұрағанын айтты

Опубликовано:

Мадина Оспанова
Фото: Instagram/ospanova.mm

Қазақстандық танымал актриса Мадина Оспанов тұрмысқа шыққанда мәөрге не сұрағанын айтты. Өнер иесі бастапқыда аса қымбат емес дүние сұрамақ болған. Алайда қайын атасының сөзінен кейін ол райынан қайтып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Мадина Оспанованың мәһрге қатысты берген сұхбаты тарап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесі қайын атасы "қалағаныңды сұра" деген соң, жолдасынан қымбат маркалы көлік сұраған екен.

"Жалпы мәһр деген не үшін сұралады? Бәрі оны сыйлық деп айтып жатады. Бұрынғы заманда отағасы соғыстан келмей қалса немесе екеуі екі жаққа кететін болса, әйел адам сол затты сатып ары қарай өмір сүріп кетуіне жұмсаған. Мен жай сұрай салам деп отырғанмын. Қасымызда қайын атам мен қайын енем бәрі отырды. Сол кезде қайын атам тұрды да "балам бұл деген күйеуіңе де мотивация болады, қалағаныңды сұра" деді. Сосын Gelandewagen маркалы көлік дедім", - деп жауап берді Оспанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060930-qaiyn-atam-qalaganyndy-sura-dedi-aktrisa-madina-ospanova-mahrge-ne-suraganyn-aitty/

pixel