Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жыл тығып қоймасын": Гүлзира Айдарбекова келінін өзінен қызғанатындарға жауап берді

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде келінін 10 жылға тығып қояды деп сынға алғандарға жауап берді. Ол келінін өзінен қызғануды доғаруды сұрап, көпшілікке ұлының келіншегін мақтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова келіні жайлы Instagram парақшасында айтты.

"Өткенде біреу "ас үйінде жүрсің, 10 жылға тығып қоймасын" деп жазыпты. Өз келінімді өзімнен қызғана беретіндер, сонда отбасындағы басты құнды дүниелерді жасамаса, қалай үйренеді", - деп ашуланды продюсер.

Шоу-бизнес өкілі кіші келініне көңілі толатынын айтып, оны елге мақтады.

"Өзіміз келініміз ас дайындап, ыстық жапқан сайын мәзбіз. Әбден үйреніп алса ертең көше жұмыстарын жасағанда еш қиналмайтын болады. Бәріне үлгеретін сабақ болады", - деді Айдарбекова.

Гүлзира Айдарбекованың Stories-i
Гүлзира Айдарбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060962-10-zyl-tygyp-qoimasyn-gulzira-aidarbekova-kelinin-ozinen-qyzganatyndarga-zauap-berdi/

pixel