"Құттықтаймыз": Мақпал Исабекова екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты
Жарияланған күні:
Әнші Мақпал Исабекова осыдан үш жыл бұрын күйеуіне тұрмысқа шығуға келісім берген болатын. Ал кеше өнер иесі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтып, тыңдармандарына қуанышын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялаған.
"14 ақпан күні маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. 2022 жылы 14 ақпанда мен ұлыма аяғым ауыр екенін хабарладым. Ал 2023 жылы 14 ақпанда мен Теодорды таныстырдым.
Дәстүрді өзгертпедік. Осылай. Пікір жазып, қуанышымды бөлісе аласыздар", - деп жазды әнші.
Видеодан әулие Валентин күніне дайындалған әншіні көруге болады.
Сонымен қатар Мақпал Исабекова өсіп қалған ішін де көпшілікке көрсеткен.
Айта кетейік, әнші 2022 жылдың маусымында тұңғышын өмірге әкелді.
Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды.
"Құттықтаймыз", "Аман-есен босанып алыңыз", "Жарайсыз", "Жеңіл босанып алыңыз", "Неге көңіл-күйіңіздің болмағаны енді түсінікті болды", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061067-ansi-maqpal-isabekova-ekinsi-sabiine-ayagy-auyr-ekenin-aityp-suiinsi-surady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.