jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "20 жыл ішінде тастаған емеспін": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды (фото)

    Мейрамбек Бесбаев жұбайымен
    Мейрамбек Бесбаев жұбайымен. Фото: instagram.com/marhabat1210

    Осыдан біраз жыл бұрын Мейрамбек Бесбаев дертке шалдыққан болатын. Өнер иесінің жұбайы сол кезде ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің әйелі Мархабат Instagram желісіндегі парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

    Желі қолданушысының бірі Мархабаттан "Баяғыда Мейрамбек аға ауырғанда сізді тастап кетті деген сөз тараған. Сол рас па?", - деп сұраған.

    Ал әншінің әйелі бұл қауесеттің жалған екенін ашып айтты.

    "Әрине, жоқ! Үйленген күннен бастап, 20 жылдың ішінде ешқашан тастаған емеспін. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ауырған кезде тастап, жазылған кезде қайта келсем, мені кім қуана қарсы алады екен?", - деп жауап берді Мархабат Бесбаева.

    Сонымен қатар ол Мейрамбек Бесбаевпен үйлену тойы күні түскен суретін жариялады.

    Мархабат Бесбаева
    Мархабат Бесбаева. Скриншот: instagram.com/marhabat.besbaeva

    Еске салсақ, бір кездері Мейрамбек Беспаев ауыр дертке шалдығып, біраз уақыт сахнаға шықпай, емделген болатын.

    Әншінің өміріндегі ауыр кезең жайлы Мархабат Бесбаева бір кездері сұхбат берген болатын.

    "Ол кезде Кәусарға аяғым ауыр. Мейрамбек арықтай бастады, елдің бәрі "Әйелі тастап кетіпті, кетіп қалыпты" деп оны сахнаға қайта келмейтіндей көрді. Ары қарай не болғанын айтпай-ақ қояйын. Мейрамбектің сахнаға оралатынына, жазылып кететініне сендім. Оның артында қызы бар, әке-шешесі, мен бармын. Сол себепті ешқандай күмән болмады. Сол сенімнің арқасында ол сахнаға қайта оралды", - деген еді әншінің жары.

    "20 жыл ішінде тастаған емеспін": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.