Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаевтың әйелі әншімен ең алғаш танысқан кезді көрсетті (фото)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев әйелімен
Мейрамбек Бесбаев әйелімен. Видеодан кадр: instagram.com/marhabat.besbaeva

Мейрамбек Бесбаев пен жұбайы Мархабаттың шаңырақ көтергеніне 20 жылға жуық уақыт болған. Мархабат Бесбаева әншімен ең алғаш танысқан кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің жұбайы Instagram-дағы парақшасында оқырман сауалына жауап беріп, ең алғаш танысқан кезде түскен суретін жариялады.

Желі қолданушысының бірі Бесбаев пен әйелінің енді қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген кездегі суретін сұраған.

Ал Мархабат ол кезде өте аз суретке түскенін айтты.

"Ондай суреттер аз. Ол жылдары фотоаппаратпен суретке түсіп, оны фотосалонға апарып, шығару керек болатын", - деп жазды әншінің әйелі.

Сонымен қатар Мархабат күйеуі Мейрамбекпен 2002 жылы желтоқсан айында танысқан да жасырмай айтып берді.

"Біздің ең алғаш танысуымыз осы күні басталды. Бұл сурет сол күні, яғни, 2002 жылы желтоқсан айында түсірілді", - деп жазды Мархабат Бесбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншімен ең алғаш танысқан күн туралы айтқан болатын.

"Менің құрбым, сыныптасым ҚазҰУ-де оқитын. Мені посвещениеге шақырды. Құрбым "Келші, көрші" деді. Бір топ ән айтып жатты. Мен ол топты білмеймін. "Осы топ ән айтып болғасын, сыртқа шығып кетесің" деген. "Жарайды" деп сахна сыртында тұрғанмын. Топ ән айтса, қыздардың бәрі жүгіреді. Мен түсінбеймін. Жалғыз өзім "Тез-тез болыңдаршы, қыздар" деп тұрғанмын.

Сол кезде Мейрамбек өзі "Қыздар, суретке түсейік" дейді. Бәрі суретке түсейін деп тұр. Мен басқа жақта тұрғанмын. Сол кезде Мейрамбек "Мына қыз суретке түспейді ме" деп, мені көрсетеді. Сосын "Танысайық, қыздар" деп бастайды. Бәріміз танысып, есімімізді айтамыз. Мен ол кезде "Музартты" да, Мейрамбек Бесбаевты да мүлде білмеймін. 17 жасым еді. Таныстық та, құрбым екеуіміз кеттік", - деді әншінің жұбайы Мархабат.

Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы
Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы. Скриншот: instagram.com/marhabat.besbaeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061085-meirambek-besbaevtyn-aieli-ansimen-en-algas-tanysqan-kezdi-korsetti-foto/

pixel