Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл қыз бақытыма жеткізді": аналық арманы орындалған Жорабаева жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева отбасымен
Алтынай Жорабаева отбасымен. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде оқырмандарымен байланысқа шығып, өміріндегі өзгерістерді айтты. Өнер иесі жан сырын ақтарып, бесінші қызын босанған соң аналық арманы орындалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева бесінші перзентін босанған соң артық салмақтан әлі де арыла алмай жатқанын айтты.

"Бүгін қала көріп, дала көріп, базар көріп келе жатырмыз. Амина үйде қалды. Жаным сол, кірпияз емес. Қосымша сүтті де ішіп, омырауды да емеді. Анасына ұқсаған сияқты. Бірақ әкесі де тамақ таңдамайды. Оқырмандарым грек жаңғағы мен тары салып шай іш деп жатыр. Оның бәрін басында жасадым. Сиыр босам мені баяғыда сойып тастайтын еді. Адам болып жаным қалып жүр екен. Салмақ деген Аллаға шүкір болып тұр. Ештеңе етпейді, арықтап аламын ғой деп өзімді жұбатамын. Рақмет, сіздерге", – деді әнші.

Өнер иесі бесінші қызы аналық арманын орындап, бақытқа жеткізгенін айтты.

"Алдыңғы қыздарым сүтім құнарсыз болып, екі-үш айдан кейін ембей қоятын. Үлкен қызым 8 айлығында омырауды ембей қойды. Ол кезде сүтім құнарсыз, көк су болатын. Қосымша сүтке де тәбеттері жақсы болды. Осы балада ұзақ емізсем екен деп қатты армандап едім. Елдер балалсын емізіп отырғанда соларға қарап қызығатынмын. Мен де солай отырсам екен деп армандайтын едім. Бұл қыз бақытқа жеткізді. Емізіп отырып, бақыттың не екенін біліп отырамын", – деп жан сырын ақтарды Жорабаева Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061097-bul-qyz-baqytyma-zetkizdi-analyq-armany-oryndalgan-zorabaeva-zan-syryn-aqtardy/

pixel