Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімге керек болды?": отандық жұлдыздар дау тудырған "пәк қыздар тізіміне" қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Күні кеше Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент қыздардың жеке деректері таралып, желіде дау тудырды. Бүгінде "пәк қыздар тізіміне" қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Осы орайда өнер жұлдыздары атышулы тізімге қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, аталмыш тізімді таратып жібергендерге шүйлікті.

Өнер иесі бұл жағдайды бей-жай қалдырмай, мемлекет тарапынан тексеріс жасау қажет екенін алға тартты.

"Жақында ғаа қазақ қыздарының өмірі неге сонша күрделі деп жазып едім. Менің жазбамнан кейін тағы бір тосынсый. Аталмыш ЖОО-ның әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жапқысы келгенімен бұл тізімнің жарыққа шығуында, оның астарында бір шикілік бар- ау. Оны ақымақ болмасаңыз - аңғарасыз. Сонымен, бұл тізім кімге керек болды екен? Жаңа ғана өмірін бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін ойламайсыздар ма?! Бәрін қатырып тастап , енді қазақ қызының арын таптайтын осы тізім қалып па еді?! Ұят! Солтүстік Корея шетте қалады! Қыздарымыздың көрпесін көтергенше- сапалы білім беріңіздер ! Неге қазақтардың басым бөлігі балаларын шетелде оқытады?! Бұл қылмыс жылы жаппай, мемлекет тарапынан тексеріс қажет", - деп жазды әнші.

Аталмыш жағдайға актриса Жарқынай Ханайым да пікір білдірді. Ол көпшілікке үндеу жасап, жаман әдеттерге құмар жігіттердің де тізімін жариялауды ұсынды.

"Қыздың тағдыры – қылдай! ҚазҰУ-дың тізімінен кейін менің түйгенім мынадай: Енді ойынқұмар, нашақор, психологиясы тұрақсыз, әке бола алатын, әр түрлі күйеу бола алатын жігіттердің тізімін жасаңыздар! Біз де таңдайық! Қыздарымызды біліп берейік! Біліп тиейік!" – деп жазды актриса.

Жарқынай Ханайымның Srories-i
Жарқынай Ханайымның Srories-i. Скриншот: Instagram/jarkynaishalxar

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061105-kimge-kerek-boldy-otandyq-zuldyzdar-dau-tudyrgan-pak-qyzdar-tizimine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel