Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтап, жантебірентерлік жазба арнады (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан анасымен
Ерке Есмахан анасымен.Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтады. Өнер иесі өзін өмірге әкелген жанға жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаны мақпалдай жұмсақ, анашым! Келіп жеткен туған күніңіз құтты болсын! Мама, ұзақ жасаңыз, ауырмаңыз. Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің алдында аман-сау, күліп-ойнап жүріңіз.

Менің еркелеп, ән салып жүргенім - алдымен Алланың, екінші осы анашымның дұғасының арқасында. Сосын сіздердің сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында. Аналарымыз аман болсын", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары да әншінің анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Анаңыз жүз жасасын", "Құттықтаймыз", "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды деген рас-ау", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, Ерке Есмахан осыған дейін отбасында ақшаны кім ұстайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061124-erke-esmaxan-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtap-zantebirenterlik-zazba-arnady-foto/

pixel