Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі ай ойланды": продюсер Ерлан Әлімов келіншегін өзіне қалай қаратып алғанын айтты

Опубликовано:

Ерлан Әлімов келіншегімен
Ерлан Әлімов келіншегімен. Фото: Instagram/erlan_alimov

Отандық танымал продюсер Ерлан Әлімов келіншегі Сабинамен танысқан кезін еске алып, оның жүрегін қалай жаулап алғанын айтып берді. Сөзінше, сүйіктісі оған бірден қарай қоймаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Әлімов келіншегі екеуінің махаббат хикаясы туралы "Revue News" бағдарламасында айтып берді.

"Өзі жабысты ғой. Қалжыңдаймын. Биыл танысқанымызға 18 жыл болады екен. Бірінші қадамды жігіт жасау керек. Сол себепті мен өзім қадам жасадым. Ол бірден айтты. "Егер біз кездесетін болсақ, үйленеміз" деді. Мен мейрамханаға апардым, киноға апардым. Гүл, сыйлық, бәрін бердім, тырыстым. Бірақ бұл менімен сөйлескен жоқ. Екі ай ойланды ғой", - деді продюсер.

Сабина Әлімова жолдасымен бастапқыда дос ретінде араласқанын айтты. Алайда екі жарым жылдан соң продюсер дос қызына өзі бірінші сезім білдірген.

Сонымен қатар сұхбат барысында ерлі-зайыпты бір-біріне сезімін білдірді.

"Мен сені қатты жақсы көремін. Өйткені сен ең әдемі, ең сымбатты, ең жанашыр адамсың", - деді Әлімов.

Келіншегі де оның бойындағы асыл қасиеттерін атап, әркез қасынан табылғаны үшін алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061128-eki-ai-oilandy-prodyuser-erlan-alimov-kelinsegin-ozine-qalai-qaratyp-alganyn-aitty/

pixel