Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он қызметкерді қысқартудан сақтап қалдым": Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" дауына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Азамат Сатыбалды. Видеодан кадр: "ХабарLike" бағдарламасы

Осыдан біраз уақыт бұрын Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында қытайлық көліктер қаптағаны жайлы ақпарат тараған болатын. "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды бұл дауға "ХабарLike" бағдарламасында пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші сұрағым, "Қазақфильмнің" 16 гектар жерінен көлік көрдіңдер ме? Екінші сұрағым, автопаркте не тұруы керек? "Қазақфильмнің" 16 гектар жерінің арғы бұрышында 1,5 гектар автогаражы бар. Оның 80 пайызы қаңырап бос тұр. Ол жер маған дейін де жалға берілген. Мен ол жер телімін арнайы заңды түрде жалға беру арқылы "Қазақфильмнің" 10 жұмыскерін қысқартудан аман сақтап қалдым. Менікі дұрыс па, бұрыс па? Егер құжаттың бәрі өтірік, арам тірлік болатын болса, мен баяғыда жұмыстан шығып кететін едім. Барлығы заңды, ашық. Келіп тексерсін, көрсін, көрді де.

"Жүйелі сөз жүйесін табады. Жүйесіз сөз иесін қабады" дейді. Мен ешқашан ақталмаймын. Мен айына бір көлік алмаймын. Менің тіпті қызметтік көлігім де жоқ. Қазір достарымның берген көлігін мініп жүрмін. Біреуді қаралау арқылы өзіне хайп жинағысы келген адамдар жақсылап ойлану керек. Алланың және заңның алдында адал, дұрыс жұмыс істеп келе жатқанымды білемін. Менің мақсатым - "Қазақфильмге" қызмет ету және оны дағдарыстан алып шығу. Ал сырттан үріп тұратын адамдардың маған еш қажеті жоқ. Тіпті оларды тілге тиек қылып, сөйлегім де, ақталғым да келмейді. Тіпті оларға жауап бергім де келмейді", - деді Азамат Сатыбалды.

Еске сала кетейік, Актер Қуандық Дүйсенбаев желіде Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағанын айтып, наразылық білдірген болатын.

Ал "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда "Ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі" деп әңгімені қысқа қайырған. Оның мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061136-on-qyzmetkerdi-qysqartudan-saqtap-qaldym-azamat-satybaldy-qazaqfilm-dauyna-pikir-bildirdi/

pixel