Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызынан ұялып жүр": Шерхан Пірназардың әйелі оның басқа актрисалармен сүйісуіне қатысты айтты

Опубликовано:

Шерхан Пірназар отбасымен
Шерхан Пірназар отбасымен. Фото: Instagram/sherhanpirnazar

Қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар мен келіншегі Айжан Жұмабек махаббат күні қарсаңында бірге сұхбат беріп, қарым-қатынасы мен отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Өнер иесінің әйелі оның басқа актрисалармен сүйісуі жайлы не ойлайтынын ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шерхан Пірназардың келіншегі Айжан Жұмабек те кино саласының адамы болып шықты. Ол - отандық танымал кастинг директорлардың бірі. Ерлі-зайыптының таныстығы да түсірілім алаңында орын алған. Жұлдызды жұптың таныстары да тіпті Айжанның кастинг арқылы жобаға актер ғана емес, өзіне өмірлік жар іздеп тауып алғанын қалжыңдап айтады екен.

"Біз "Асыл арманның" түсірілімніде таныстық. Оған дейінгі жобаларда тек амандасып қана жүретінбіз. Сол сериалдың режиссері Нұрғиса Әлмұрат өзімнің аға-бауырым ұзату тойда "Айжан актер емес, өзіне күйеу іздепті, сол үшін кастинг жариялапты" деп әзілдеген еді", - деп еске алды Шерхан Пірназар "Revue News" бағдарламасында.

Айжан Жұмабектің айтуынша, аталмыш жобаға басты рөлге ер адамды шынымен ұзақ іздегенін айтты.

"Сол сериалға басты рөлге адамды ұзақ іздедік. Ешкім рөлге келмеді, ешкімді ұнатпады. Ұнатқан актерлар дұрыс ойнай алмады. Дұрыс ойнағандардың түр келбеті келмейді. Екі айдай іздедік. Сосын Шерханды бекіттік", - деді ол.

Сонымен қатар актердің әйелі оның жұмысына қатысты пікір білдіріп, өзге актрисалармен сүйісуі жайлы не ойлайтынын айтты.

"Камереда сүйісуге рұқсатымды бердім. Ол енді оның жұмысы ғой. Бірақ қазір енді кішкене қарсымын. Қазір өзі де қарсы. Өйткені қызы туылғаннан кейін қызынан ұялып жүр, менен емес", - деді Айжан Жұмабек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061166-qyzynan-uyalyp-zur-serxan-pirnazardyn-aieli-onyn-basqa-aktrisalarmen-suiisuine-qatysty-aitty/

pixel