"18 жыл өтіпті": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың алғашқы концертінен фото жариялады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Қайрат Нұртастың Түркістан қаласында өткен алғашқы концертінен фото жариялады. Аталмыш кадрлар осыдан 18 жыл бұрын жасалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдарбекова жеке мұрағатындағы 2006 жылы түсірілген суретті Instagram парақшасында жария етті. Онда Қайрат Нұртастың екі жанкүйер қызбен тұрғанын көруге болады.
"Қайрат Нұртастың Түркістанда өткен алғашық концерттерінде түскені екен. Қазір бұл қыздар үлкен ана болған шығар. 18 жыл өтіпті", - деген жазба қалдырды продюсер.
Айта кетейік, ббірер күн бұрын Гүлзира Айдарбекова кіші келінінің туған күнін атап өткен болатын. Жұлдызды жанұя оны ерекше құттықтап, тосынсый дайындаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061192-18-zyl-otipti-gulzira-aidarbekova-qairat-nurtastyn-algasqy-koncertinen-foto-zariyalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.