Димаш Құдайберген БҰҰ ұйымдарының бірінің ізгі ниет елшісі болды
Жарияланған күні:
Халықаралық көші-қон ұйымы бүгін тоғыз ізгі ниет елшісін тағайындағанын хабарлады. Тоғыз елшінің бірі – қазақстандық әнші Димаш Құдайберген. Бұл туралы ұйымның сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
БҰҰ-ға қарасты Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде әлемнің түкпір-тұкпірінен атақты әртістер, суретшілер мен спортшылар арасынан тоғыз танымал адам таңдалған. Олар:
- Ама К. Абебрезе, актриса әрі тележүргізуші, Гана;
- Николас Марин Бенитес, фотограф, Аргентина/Аруба;
- Пол Чой, фотограф, Маврикий;
- Муктар Диакаби, футболшы, Гвинея;
- Кофи Кинаата, музыкант және бірнеше әннің авторы, Гана;
- Джанан Муса, баскетболшы, Босния және Герцеговина;
- Мирела Сула, психолог, журналист және жазушы, Албания;
- Димаш Құдайберген, әнші және бірнеше әннің авторы, Қазақстан (Азиядағы аймақтық рөлімен);
- "Атлетико Пеньяроль" клубы, футбол клубы, Уругвай.
Dimashnews.com сайтында әншінің мәлімдемесі жарық көрді.
"Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқығын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық",- деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061228-dimas-qudaibergen-buu-uiymdarynyn-birinin-izgi-niet-elsisi-boldy/