Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барда қадірлейік": Ата-анасымен түскен суретін жариялаған Айгүл Иманбаева ел жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева ата-анасымен
Айгүл Иманбаева ата-анасымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде ата-анасымен түскен суретін жариялап, өмір сыйлаған жандарды барда қадірлеу керек екенін жазған. Әншінің жазбасы ел жүрегін елжіретіп, оқырмандардың жылы лебізіне ие болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева ата-анасымен түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда әртістің әкесі мен анасының ортасында тұрғанын көруге болады. Аталмыш фото отандық бағдарламаның түсірілімі кезінде жасалған.

"Ата-аналарымызды барда қадірлейік", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің сөзімен қосылып, оған қолдау білдірді.

"Өте дұрыс айтасаз. Бұл өмірде осы кісілерді аса қадірлеп өту керек", "Жазбаңыздан кейін жылағым келіп кетті. Ата-анамыз бізді кіршіксіз жақсы көретін жандар ғой", "Әкеңіздің жаны жәннәтта болуын нәсіп етсін. Анаңыздың жасы ұзақ болсын", "Әкеңізбен аз да болса сырласа алдыңыз. Енді бар көңіліңізді анаңызға арнаңыз", "Өмір сыйлаған жандардан артық ешкім жоқ. Аялап, қадірлеп өтейік", - деп жазудп көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061282-barda-qadirleiik-ata-anasymen-tusken-suretin-zariyalagan-aigul-imanbaeva-el-zuregin-elziretti/

pixel