Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осындай отағасы бұйырсын": Айжан Байзақова күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Қазақстандық танымал блогер Айжан Байзақова желіде оқырмандарымен сырласып, қыз-келіншектерге өз күйеуіндей ер азамат жолығуын тіледі. Желі жұлдызы отағасының бойындағы асыл қасиеттерін атап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, олардың бірқатар сұрағына жауап берген.

Желі қолданушыларының бірі блогер аруға "Әйелдерге бұл өмірде көп нәрсе керек емес. Бар болғаны Нұрбек сияқты отағасы болса болды", деп жазды.

Желі жұлдызы бұл пікірмен келісіп, басқа қыздарға да өз күйеуіндей ер адам жолығуын тіледі.

"Алла тағала әрбір әйелге осындай отағасыны нәсіп етсін. Не болса да мені оятпайды, бала қарауға қатты көмектеседі, түрім онша емес болған кезде де менің сұлулығыма тәнті болады.

Әрине, мінсіз адам жоқ. Нұрбек бізде нағыз ер азамат. Бірақ уақыт өте келе мен оған үйренісіп кеттім. Кезінде оның асқан ер мінезділігіне ашуланатын едім. Бірініші жылы мен табиғатқа қарсы келіп, оны бағындырғым келді. Ал енді бұл ер азаматты құшақтап, еркелетіп жіберу керектігін түсіндім. Соның арқасында ұрыстарымыз азайды", - деп жазды Байзақова.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061284-osyndai-otagasy-buiyrsyn-aizan-baizaqova-kuieuin-zer-kokke-syigyzbai-maqtady/