Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өміріме қауіп төнді": Атышулы Байзақова өткен өмірі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желіде оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап берді. Желі жұлдызы өткен өмірі жайлы сыр шертіп, "бұрынғы Байзақованы" мүлдем сағынбайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, желі қолданушыларымен тілдесті. Оқырмандардың бірі блогерге өткен өмірі жайлы сұрақ жолдады.

"Бұрынғы Байзақованы сағынасыз ба?", - деп жазды ол.

Желі жұлдызы өткен өмірі жайлы жан сырын ақтарып, басынан көптеген қауіпті жағдай өткенін еске түсірді.

"Бұрынғы Байзақованы қатты сыйлаймын, жақсы көремін. Бірақ оны мүлдем сағынбаймын. Өткен өмірім агрессияға, ессіз қылықтарға толы болды. Тіпті өміріме қауіп төнген кездер де болды. Мен желіде көп нәрсе көрсетпейтін едім. Бірақ басымнан көптеген қауіпті жағдай өтті. Кезінде қорқыныш деген мүлдем болмапты. Менімен келіспейтіндерді бірден балағаттап тастайтынмын.

Алла мені құтқатып қалды. Аланды дүниеге әкелдім, өзгере бастадым. Қазір мен тыныш өмір сүргім келеді. Бұрынғыдай шулы ортада жүргім келмейді. Сол себепті өткен өміріме сағынышым жоқ", - деп жазды Айжан.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061304-omirime-qauip-tondi-atysuly-baizaqova-otken-omiri-zaily-zan-syryn-aqtardy/

pixel