Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленем десе дайынбыз": Азамат Сатыбалды есейіп қалған ұлы жайлы айтты

Жарияланған күні:

Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды
Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc

Жұлдызды жұп Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина бір ұл өсіріп отыр. Актер Азамат Сатыбалды "ХабарLike" бағдарламасында есейіп қалған ұлы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тойды күтудеміз. Сұлтан 19-ға келді. Астанада I курс оқиды. Үйленем десе, қарсылық жоқ. Өзі "Оқуымды бітірмей, үйленбеймін" дейді. Бірақ Назгүл екеуіміз немере бағып, бірге тұруға дайынбыз. Құдай қаласа болар.

Жалпы өмірімде той жасамаған екенмін. Үйленген кезде де той жасамадым. Өйткені той жасайтын жағдай болмады. Назгүл екеуіміз қол ұстасып үйге бардық, үйлендік. Некемізді қидырдық, өмір сүрдік. Сұлтан өмірге келгенде той жасамадық. Үйде ағам қайтыс болды. Солай тойдың реті болмады. Мүмкін ұлымыз үйленгенде бәрін жинап, бір той жасармыз. Бірақ қатты үлкен той жасамайтын сияқтымын", - деді Азамат Сатыбалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Назгүл Қарабалина күйеуі Азаматқа өзі бірінші ғашық болғанын ашып айтқан еді.

"Шыны керек, академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың маған көңілі ауса екен, көрсе екен, байқаса екен деген сәттер болды. Тіпті оған альбом арнадым. Азамат ол кезде басқа қызды ұнатып жүретін.

Мен альбомыма "О, Алла Тағала! Егер де Азамат маған назар аударса, біз екеуіміз үйленсек, оның зейнеткер ата-анасына қарайтын едім. Оның көпбалалы жанұядан екенін білемін. Оны сен де білесің. Тоғыз ағайынымен жақсы қарым-қатынаста боламын. Маған тек қана екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші" деп жазатынмын. Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Содан кейін ойланған болу керек. Ондай адам керек қой. Ол тек есеппен үйленді. Менің сезімім шынайы болды. Басында есеппен үйленді, қазір енді жақсы көреді", - деді Назгүл Қарабалина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061322-uilenem-dese-daiynbyz-azamat-satybaldy-eseiip-qalgan-uly-zaily-aitty/