Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең үлкен қорқынышым – сахнада ән әйту": актриса Зарина Кармен "Егіз лебіз" жобасы жайлы айтты

Опубликовано:

Зарина Кармен сұхбат беруде
Зарина Кармен сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

"Qazaqstan" ұлттық телеарнасында "Егіз лебіз" мегажобасы жалғасып жатыр. Музыкалық додада бақ сынап жатқан өнер иелері жобаға қатысты пікір білдіріп, өзге жұлдызбен ән шырқаудан алған әсерін айтты.

"Егіз лебіз" музыкалық мегажобасында 12 жұп жанды дауыста өнер көрсетіп, бақ сынайды. Жұптың бірі кәсіби әнші болса, екіншісі өзге саланың маманы.

Өткен сенбіде бағдарламаның екінші шығарылымы эфирге шықты. Бұл жолы көрерменді ерекше ән орындауымен таңқалдырған Дастан Оразбеков пен Гүлнар Сильбаева жұбы болды. Олар атақты Maroon 5 тобының "Moves like Jagger" әнін орындады. Алдыңғы эфирде бұл жұп Дастан Оразбековтің репертуарындағы "Begimai" әнін шырқаған болатын.

"Бұл жобаға екінші рет қатысуым. Осы жолы жеңу үшін келдім. Бірінші "Егіз Лебізден" кейін менің өмірім 180 градусқа өзгерді. Республика сарайында өзім армандаған үлкен концертімді бердім. Одан бөлек, спортпен, кроссфит, бокспен айналысып, 2012 жылы чемпион болып, 9 рет марафонға да қатыстым. "Егіз Лебізге" келер болсақ, бұл қайта жаңғырған біздің үлкен шоуларымыздың бірі. Жобадағы жұбым – Гүлнар екеуміз әнімізді, би, энергия, харизмамызды көрсетіп, сахнаны жандырамыз деп ойлаймын" , - деді Дастан Оразбеков.

Желі қолданушылары Дастан Оразбеков пен Гүлнар Сильбаеваның өнеріне тәнті болып, желіде оларға барынша қолдау білдіруде.

"Жеңіске лайық жұп! 1 орын! Дауыс, харизма – тамаша!", "Гүлнарды КВН ойындарынан бері танимыз, профессионалды әншілерден де мықты!", "Жеңісті бере салайық осы кісілерге", "Сөз жоқ от!", - деп жарыса жазды оқырмандар.

Мегажобаның екінші бағдарламасында көрерменді таңқалдырған тағы бір жұп – Қазыбек Құрайыш пен Зарина Кармен. Олар хитмен әнші – Sadraddinнің "Айға қарап" әнін орындады. Алғашқы бағдарламада бұл жұп Қазыбек Құрайыштың репертуарындағы "Таптым-ау сені" әнін шырқады.

"Менің ең үлкен қорқынышым – сахнада ән әйту. Мен өзімді әртіс ретінде өте жақсы танимын. Бірақ әнші ретінде елестете алмаймын. Өз-өзіме қоятын талабым – сол қорқынышты жеңу. Ал сахнадағы жұбыма келер болсақ, жалпы мен Қазыбектің шығармашылығына, оның жүрегіне, ақындығына, композиторлігіне тәнті адаммын. Әдемі музыка шығару үшін адамға үлкен жүрек керек. Ол Қазыбекте бар" ,- деді актриса Зарина Кармен.

"Егіз лебіз" мегажобасы "Qazaqstan" телеарнасынан әр сенбі 20:00-де эфирге шығады. Музыкалық доданың екінші бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көре аласызар.

Телевизиялық байқаудың биылғы маусымына: кәсіби футболшы Ұлан Қонысбаев, қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын, дәрігер Айнұр Тажина, Астанада 3 жасар бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаев, айтыскер ақын Айым Асылбекқызы, актерлер Қобыланды Болат пен Сырым Қашқабаев, актриса Жанель Серғазина, тележүргізуші Алла Гаврина, блогер-вайнер Таня Тұрлай, әншілер Ғаділбек Жанай, Балжан Бидаш, 2RAR, AUKA, Еркеш Хасен, Альбина Шардарова, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, опера әншісі Дариға Мұсаева қатысып жатыр.

"Егіз лебіз" байқауының үшінші бағдарламасының анонсын оқырмандар назарына ұсынамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061323-en-ulken-qorqynysym-saxnada-an-aitu-aktrisa-zarina-karmen-egiz-lebiz-zobasy-zaily-aitty/

pixel