Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артымыздан неше түрлі сөз айтып жүр": әзілкеш Жүсіп Ақшора келінін жылатып қойды (видео)

Опубликовано:

Жүсіп Ақшора келінін жылатып қойды
Жүсіп Ақшора келінін жылатып қойды. Видеодан кадр: Instagram/zhusip_akshora

Қазақстандық танымал әзілкеш Жүсіп Ақшора келініне пранк жасап, оны жылатып қойды. Өнер иесі ұлының келіншегіне ұрысып, блогерлікті қоюын талап еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жүсіп Ақшора келініне жасаған пранктың видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда ашуға булыққан жұлдызды қайынатаның ас үйге кіріп, келініне ұрыса бастағанын көруге болады.

"Шайларың неге қайнамай кетті? Ішіне тас түсіп кетті ма? Қашан қайнайды, тасбақаға жүн шыққанда ма? Осы, келін, айналайын, блогерлікті қойшы! Ығырымыз шығып кетті. Бір емес, екі емес, күніге сол, адамды шаршатып. Елдің айтып жатқан әңгімесі анау, артымыздан неше түрлі сөз айтып жатыр. Өзің "қатырамын, әдемі болады" деп айтып едің, енді бөтен біреулердің әңгімесін естіп жүрміз! Бірдеңе десек көзінен жас шыға келеді", - деді әзілкеш.

Бұл сәтте келіні көңілі түсіп, көзіне жас алып қалады. Жүсіп Ақшора шыдамай оған бәрі пранк болғанын айтып, жұбатуға тырысты.

"Атамның жауабы қатты болды. "Камера терезеден көрініп тұр ғой" деген жандарға, мен оны мүлдем байқамадым. Атамның ұрысқанына шок болып қалдым. Ол сіздерге анық байқалып тұр ғой, тікесінен и жақындатып түсірген соң. Егер шынында байқап қойғанымда менде ойнатып жіберер едім. Бірақ мен шын сеніп қалдым", - деп жазды Динара Сайлаубайқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061360-artymyzdan-nese-turli-soz-aityp-zur-azilkes-zusip-aqsora-kelinin-zylatyp-qoidy-video/

pixel