Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Мадина Сәдуақасова елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жаңа образын көрсетіп, жанкүйерлерін таңғалдырды. Өнер иесі шаш үлгісін түбегейлі өзгертіп тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова жаңа шаш үлгісін Instagram парақшасында көрсетті.

Өнер иесі көпшілікке ерекше образын паш етіп, әйелдің сенімділігі жайлы сөз қозғады.

"Әйел адамның өзіне сенімділігі мен ішіндегі оты, тек әйелдің өзіне ғана байланысты десем, қасымдағылар келіспей тұр. Күйеуі, бастығы, енесі және т.б. Тіпті , тағдыр туралы айта бастады. Әйел адам өз тағдырын өзі құрады. Ал айтыңыздаршы , кімдікі дұрыс", - деп көпшілікке сауал жолдады әртіс.

Желі қолданушылары бұл сұраққа қатысты екі түрлі пікір білдірді.

"Жақындарыңыз дұрыс айтады", "Дұрыс айтасыз әйел өз тағдырын өзі құрады. Ене, күйеудің сөзі мені қызықтырмайды", "бәрі әйелдің қолында деп ойлаймын. Әйелдің де көңілі бар ғой", "Мадина ренжімеңіз. Қазақтың әйелі жан жақты болу кереқ қой. Сіз отбасыңызға аса көңіл бөлмейсіз ғой", "Бәрі өз қолымызды", "Шашыңызды не істеп тастағансыз?", "Шашыңызды қиып тастағансыз ба? Сене алмай тұрмын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061395-sas-ulgisin-ozgertip-tastagan-madina-saduaqasova-eldi-tangaldyrdy-foto/

pixel