Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 мың теңге": Мөлдір Әуелбекова сұлулығының құпиясын айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова сұлулығының сырын бөлісті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әуелбекованың айтуынша, ол пайдаланатын бет күтімінің жиынтық бағасы - 450-500 мың теңге шамасында.

"Сұлулығымның сыры ішкі жай-күйімде. Бақытты адам әрдайым айналасына шуағын шашып жүреді.

Менің бет күтіміме арналған жиынтықтың бағасы 450-500 мың теңге шамасында. Оның ішінде жуынатын гель де, крем де, бет сүртетін сұйықтық та бар. Бірақ көп бөлісе бермеймін. Себебі, "қымбат" деп ұрысасыздар", - деп жауап берді әнші.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова екі күйеуінің де өзін асырамағанын және оларға қаржылай тәуелді болмағанын айтқан еді.

Сонымен қатар әнші бірінші күйеуімен араласпайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061416-500-myn-tenge-moldir-auelbekova-sululygynyn-qupiyasyn-aitty/

pixel