Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықпас бұрын жігіттің қай қасиеттеріне мән беру керегін айтты
Жарияланған күні:
Танымал спортшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықпас бұрын неге мән беру керегін айтып, ағынан жарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Спортшы қыз Instagram-Stories-те қойылған сұраққа жауап берген. Оқырмандарының бірі оған "Жігіттің қандай бес қасиетіне назар аудару керек?" деген сұрақ қойған. Алтынбекованың сөзінше, тұрмысқа шықпас бұрын жігіт өзін көрсете алуы үшін жарты немесе бір жыл уақыт беру керек дейді.
Бірінші кезекте, Сабинаның айтуынша, жігіт қандай отбасынан шыққанына, отбасылық құндылықтары қандай екеніне назар аудару керек.
Екінші назар аударатын жағдай, Алтынбекованың айтуынша, жігіттің материалдық жағдайы.
"Үшіншісі: Зиян әдеттері бар-жоғын тексеру (алкоголь, ойын және тағы басқасы). Төртіншісі: Оның персоналмен, әйелдермен және балалармен қалай қарым-қатынас жасайтынын көру. Бесіншісі - жомарттығы (Шық бермес жігіттерден жаманы жоқ)", - деп жазды Алтынбекова.
Еске сала кетейік, 2020 жылы жеке кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан болатын. 2021 жылы ерлі зайыптының балалары өмірге келді.
Өткен жылы волейбошы кәсіби мансабын жалғастыру туралы шешімге келді. Қазіргі кезде ол Біріккен Араб әмірліктерінде өнер көрсететін "Әл Васл" клубының ойыншысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061492-sabina-altynbekova-turmysqa-syqpas-buryn-zigittin-qai-qasietterine-man-beru-keregin-aitty/