Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеше ғана сияқты еді": отау құрғанына 24 жыл болған Мирас пен Құралай үйлену тойын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мирас пен Құралай
Мирас пен Құралай. Видеодан кадр: "Мархабат" бағдарламасы

Өнердегі жұлдызды жұп Мирас пен Құралайдың шаңырақ көтергеніне биыл 24 жыл болған. Өнер иелері Instagram-дағы парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллама шексіз шүкір етемін! Кеше ғана шаңырақ көтерген сияқты едік. 24 жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдым. Қазақта "Ер жігіттің аты жақсы болса - бір бақыт. Aлған жары жақсы болса - мың бақыт" деген сөз бар. Сол себептен, осы уақытқа дейін артымнан жаман сөз естіртпей, қолымнан келгенше абыройлы келін болуға тырысып келе жатырмын.

Мені өсіріп, тәрбиелеп, оқытқан ата-анама мың алғыс. Қазіргі таңда ортамызда болғанда, менімен мақтанар еді деп ойлаймын. Осындай керемет отбасыға келін болып түскеніме бірінші - Аллаға, сосын мамамызға алғысымды айтамын", - деп жазды Құралай.

Айта кетейік, жұлдызды жұп жариялаған видео 2000 жылы түсірілген.

Видеодан қалыңдық көйлегін киген Құралай мен күйеу жігіт Мирасты көруге болады.

Желі қолданушылары жарасымды жұпқа ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Керемет жұп", "Құралай сол қалпы. Жас кезінен бері күліп жүреді екен", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, жұлдызды жұптың бүгінде төрт баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061623-kese-gana-siyaqty-edi-otau-qurganyna-24-zyl-bolgan-miras-pen-quralai-uilenu-toiyn-korsetti-video/

pixel