Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір дауыс көтерген емес": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі қандай әке болғанын айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алып, оның қандай әке болғанын айтып берді. Сөзінше, отағасының кенже ұлымен арақатынасы аса ерекше болған. Ол баласын қатты еркелетіп, тіпті дауыс та көтеріп көрмеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында кенжесін жаңа жасымен құттықтап, оған жүрекжарды жазба арнады.

Тележүргізуші баласының туған күнінде марқұм күйеуін де еске алды. Ол отағасының қандай әке болғанын айтып, ұлымен қарым-қатынасы жайлы сыр шертті. Ақпарат өкілі жолдасының қазасынан кейін кенжесі үшін қатты уайымдағанын жасырмады.

"Қайрекеңнің кенжесі. Сардар өте ұстамды, сабырлы, ешкімге ұқсамайтын ақылды еркем. 40-тан асқан шағында дүниеге келген соң шығар, "осы баламен өзімнің әке екенімді сезіндім" дейтін әкесі. Қатты еркелетті, бір дауыс көтерген емес жарықтық. Сәл мазасызданса, түкіріп қоятын. Өзімнің көзім өтпесін деп.

Әкесі қайтқан соң өзіне тынып, қатты стресс алып, үндемей қалар ма екен деп осы ұлымды қатты уайымдадым. Бір елі қасынан қалмадым. Жігіт қой, сыр білдірмеді, спорт пен сабаққа ден қойып көңілін ауланды. Жатсам да, тұрсам да, "Құдай, ұлымның жүрегіне ешуақытта салмақ түсіре көрмеші" деп тілеймін. Туған күніңмен, Сар. Денсаулығың мықты болсын, қалғанына өзің қол жеткізетініңе сенем", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші отбасылық мұрағаттағы бірқатар суретті жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061638-bir-dauys-kotergen-emes-laila-sultanqyzy-marqum-kuieui-qandai-ake-bolganyn-aitty/

pixel