jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Сізді танымай қалдық": Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянында образын түбегейлі өзгертіп тастады (фото)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайбергеню. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жақында жаңа бейнебаяны жарыққа шықпақ. Өнер иесі клип үшін имиджін өзгертіп, ерекше образ жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Димаштың жаңа туындысы - When I've Got You деп аталады.

    Әнші Instagram-дағы парақшасына жариялаған суреттен ұзын шашы мен ұзын тырнағы бар Димаштың тақта отырғанын көруге болады.

    Димаштың айтуынша, оның бейнебаяны бір аптадан кейін Түркиядағы баспасөз конференциясында көрсетіледі.

    "Достар, 26 ақпанда Стамбұлда баспасөз конференциясы өтеді. Онда бонус ретінде менің When I’ve got you әніне түсірілген жаңа бейнебаяным көрсетіледі. Бір аптадан кейін Түркияда кездескенше, Dears", - деп жазды Димаш Құдайберген.

    Ал желі қолданушылары Димаштың жаңа бейнебаяндағы образына таңғалып, жарыса пікір қалдырды.

    "Сізді танымай қалдық", "Керемет жаңалық", "Сізді мұндай образда көремін деп ойламадым", "Асыға күтеміз", "Күтеміз", - деп жазды әншінің фанаттары.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.