Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Достығы жарасқан": Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі желіде жаңа видео жариялады

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын қуантты. Қалың көпшілік қос жұлдыздың достығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас өнердегі және өмірдегі досы Төреғали Төреәлімен түскен видеосын Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда қос әншінің бір-бірін қуана қарсы алып, далада бірге серуендеп келе жатқанын көруге болады.

"Досым, жақыным. Бәрі болады ақырын", - деген жазба қалдырды Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары әртістерге тамсана қарап, оларға жылы лебізін білдірген. Олар "халықтың сүйікті ұлдарына" айналып кеткен әртістердің достығына тәнті болған.

"Бөлексіңдер", "Достығы жарасқан", "Қандай керемет көрініс", "Осы екеуінің достығы ерекше", "Қазақтың мақтаныштары", "Қазақтың біртуар ұлдары ғой. Әр қазақтың ұлы Қайрат пен Төреғалидай_ақ болсын. Аман болыңдар", "Сыйластықтарың арта берсін", "Достықтарың мәңгі болғай", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061665-dostygy-zarasqan-qairat-nurtas-pen-toregali-toreali-zelide-zana-video-zariyalady/

pixel