Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі театрлардың бірінде үш жылда 14 жұп шаңырақ көтерген

Опубликовано:

Жас жұбайлар құшақтасып тұр
Күйеу жігіт пен қалыңдық. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордадағы музыкалық жас көрермен театрында үш жылда 14 жұп шаңырақ көтерген. Театр директоры Асхат Маемиров алда тағы 4-5 той күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

Театр сахнасында өнер көрсете жүріп шаңырақ көтерген жұптардың бірі – Оразалы Игілік пен жары Инабат. Оларды "Қыз Жібек" мюзикліне басты рөлдерге бекіткен. Махаббат оты да дәл осы киелі сахнада тұтанған.

"Кастингте мен Төлегенге, Инабат Қыз Жібекке өтті. Инабатқа сол кезде толықтай сезімімді айтуға батылдық болды. Сол кезде марқұм Құман Тастамбеков ағамыз келіп, Асхат ағайымызға "мынау Оразалы деген балаң сахнада жүрген Жібекке Төлеген болып емес, Оразалы болып қарап жүр, жігіт ғашық болып жүр. Дәл сондай көздермен Меруерт апаларыңа қарағам" депті, - дейді Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Оразалы Игілік.

Көп ұзамай екі жас отбасын құрды. Қазір олар Жібек есімді қыз өсіріп отыр.

Театр директоры Асхат Маемировтың айтуынша, жастар ойнайтын қойылымдардың көбі – ғашықтық жайында. "Шаңырақ көтерулерінің басты себебі осында болуы мүмкін" деп әзілдеді режиссер. Ол алда бір емес, бірнеше той күтіп тұрғанын айтты.

"Осыдан үш күн бұрын ғана тағы бір жұп алдыма келіп, өздерінің үлкен шешімдерін айтты, ақ батамды бердім. Одан кейін әке-аналары осында келді. Жазда біздің театрымызда тағы 4-5 той. Шаңырақ көтереді. Сондықтан менің мақсатым да осы, осы театрды шаңыраққа, үйге айналдыру. Яғни үйде қандай атмосфера болады? Мейірімділік, ізгілік. Соны көрерменге де сыйлау", - дейді Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров.

Телеарна тішлісінің сөзінше, жұптардың сөз салуынан бастап, салтанатты неке қию, ұл-қыздарының тұсау кесер рәсімі, сүндет тойға дейін киелі сахнада өтеді. Бұл дәстүр үш жылдан бері жалғасып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061680-elimizdegi-teatrlardyn-birinde-us-zylda-14-zup-sanyraq-kotergen/

pixel