Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір сүргің келмейді": Әли Оқапов күйзеліс денсаулығына қалай әсер еткенін айтты

Жарияланған күні:

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай. Фото: Instagram/aliokapov

Әнші Әли Оқапов күйзеліс кесірінен даусын жоғалтып алған. Композитор "Менің өмірім" бағдарламасында даусын қалпына келтіру үшін талай маманның есігін қаққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйзеліске түсіп, даусымды жоғалтып алған кез де болды. Нақты бірнәрсе болды деп айта алмаймын. Бірнеше жағдай қабаттасқан сияқты. Өйткені, ол тез өте салатын немесе емдей салатын нәрсе емес. Уақыт - емші. Күйзелісте болғанмын, кейде күйзелісте жүремін. Ол бола беретін жағдай.

Өнердің адамы болғасын эмоцияға ерік бермесең, өнеріңе кері әсерін тигізеді. Сен эмоцияға, сезімге жақын болуың керек. Сол нәрсенің нәтижесі - ән, шығарма, ойлар, шабыт. Сен оны басқаша шығара алмайсың. Мен - композитормын. Маған жаңа әннің идеясын құрастыру үшін сол сезімдер керек. Бірақ талай күйзелісте болғанмын, жасырғым келмейді. Қайдағы ән? Ұйықтағың да, тамақ ішкің де келмейді. Далаға шыққың келмейді. Кей кезде тіпті өмір сүргің де келмейді. Ол - депрессия. Соған байланысты шығар, даусымды жоғалтып алдым. Әлі күнге толықтай даусымды қайтардым деп айта алмаймын. Жыл сайын 2-3 пайыздан қосылып, қалпына келіп жатыр. Түрлі маманға бардым, "Ештеңе жоқ. Барлығы баста, мида" дейді. Вокал сабаққа қатысып, студияда ән жазып, жеңіп жүрмін. Дауысты жібітетін, жұмсартатын дәрілер де бар. Ол қадамға да бардым", - деді Әли Оқапов.

Еске сала кетейік, күні кеше Әли Оқапов әйелі Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсынысты қалай жасағанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061848-omir-surgin-kelmeidi-ali-oqapov-kuizelistin-densaulygyna-qalai-aser-etkenin-aitty/