Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақинаны 2-3 апта ұстап жүрдім": Әли Оқапов сүйіктісіне қалай сөз салғанын айтты

Жарияланған күні:

Әли Оқапов әйелі Ақерке Бүркітбаймен
Әли Оқапов әйелі Ақерке Бүркітбаймен. Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Әнші Әли Оқапов 2020 жылы шаңырақ көтерген болатын. Өнер иесі жұбайы Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсынысты қалай жасағанын "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сақинаны 2-3 апта қалтамда ұстап жүрдім. Кейде бір әдемі сәттер болады ғой. Сондай сәтті күттім. Бірақ ондай сәт келмеді. 2020 жылы шілде айында Тимур Балымбетов үйленді. Карантин уақыты еді. Тимур, жұбайы, мен, Ақерке төртеуіміз Ботаникалық бақта фотосессия жасадық. Сол кезде үйленуге ұсыныс жасайтын әдемі сәт болды. Алайда Тимур мен Лаураға кедергі жасағым келмеді.

Бірақ тура ертесіне Ақеркеге үйленуге ұсыныс жасадым. Досым Данияр Өтеген Ақеркені алдап, тауға әкелді. "Әли тауда. Сол жақта түсірілімге көмектесіп жүр" деді. Сонымен екеуі тауға келеді. Мен гүлмен тұрмын. Достарыммен, актер, әншілер қоршап алған. Күн батып бара жатыр. Қала алақандағыдай көрінеді. Сол кезде ұсыныс жасадым. Ақерке сенбей тұрған. "Неге бүгін? Мен әдемі көйлек киіп келетін едім" деп айқайлады. Ол джинсы мен футболкамен жүрген. Сол кезде мен ұсыныс жасадым", - деді Әли Оқапов.

Айта кетейік, Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың бүгінде бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061723-2-3-apta-saqinany-ustap-zurdim-ali-oqapov-suiiktisine-qalai-soz-salganyn-aitty/